Есептілік

Орал қаласы дене шынықтыру және спорт бөлімінің 2018 жылға арналған есебі

Елбасының алға қойған тапсырмаларын, яғни ұлт денсаулығын нығайту, дені сау қоғамды қалыптастыру, бұқаралық спортты дамыту, бұқара  халықты спортпен жүйелі түрде шұғылдануға тартуды орындау мақсатында бөлім бойынша түрлі спорттық-бұқаралық шаралар өткізілуде. Атап айтсақ, 2018 жылы келесідей спорттық іс-шаралар өткізілді.

Орал қаласында 67 спорт түрі бойынша күнтізбелік жоспар бойынша алғашқы жартылай қайырымдылық марафоны, 50 қала чемпионаты, 18 спартакиада (ЖОББМ, ЖОО-дар, арнайы орта білім беретін оқу орындары, мәдениет, медицина, орман шаруашылығы, жұмысшы жастар, банк саласы қызметкерлері арасында), 150-ден астам дәстүрлі турнирлер, 60 қала біріншіліктері, 48 қала кубоктері, 5 велошеру, 10 жеңілатлетикалық кросс өткізілді. Барлық спорттық іс-шаралар қаланың спорттық обьектілерінде өтеді. Алғашқы рет 2000 қатсушыны жұмылдырған арнайы орта білім беретін оқу орындары арасында спартакиада бастау алды. 6 команда арасында 2018-2019 ж. маусымының әуесқой командалары арасында шайбалы хоккейден Орал қаласының алғашқы чемпионаты өтуде. Жылдан жылға дене шынықтыру мен спортпен айналысатындар санының жалпы халық санынан 1,5-2 %-ға артуда. Ағымдағы жылда Орал қаласында дене шынықтыру және спортпен айналысушылар саны 85 мыңнан астам адамды, яғни 29,6 %-ы құрайды. Бұл 2017 жылмен салыстырғанда 5 мыңға көбейгендігін көрсетеді. Бұл көрсеткіш 2 жалпы орта білім беретін мектептер, 13 спорт алаңының ашылуы, 10 спорт клубтарының және федерациялар ашылуымен байланысты.

Ағымдағы жылы Орал қаласының құрама командалары әртүрлі спорт түрлерінен 200 облыстық жарыстарға қатысты. 2018 жылы жеңімпаз тұғырынан көрінген спортшылар:

1.     Серіков Нұрбол, самбодан әлем чемпионы, Бухарест 2018 жыл;

2.     Темірлан Ихсангалиев, самбодан әлем чемпионы, Бухарест 2018 жыл;

3.     Даулетова Анель, дойбыдан халықаралық турнирдің күміс жүлдегері;

4.     Қанатова Арайлым, қол күресінен Азия чемпионатының күміс жүлдегері;

5.     Қаупенова Кенжеқыз, Азия чемпионатының алтын жүлдегері, армрестлингтен әлем чемпионатының күміс жүлдегері;

6.     Қабдолов Армат, самбодан әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Тбилиси 2018;

7.     Седова Анастасия, пауэрлифтингтен Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері;

8.     Аманов Әлімжан, батутты гимнастикадан Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері;

9.     Кенжигулов Дастан, Кенжигулов Айдос, Жубанов Санжар, командалық есепте үстел теннисінен Қазақстан чемпиондары, Алматы 2018;

10. Утежанова Дана, спорттық гимнастикадан Қазақстан күміс жүлдегері;

11. Газизова Евангелина, Ильясова Алина, командалық есепте садақ атудан Қазақстан чемпионатының 1 орын иегерлері.

         Әлеуметтік инвестициялар бағдарламасын жүзеге асыру аясында АО «Самрұқ–Қазына» - «Менің елім» атты компания тобымен Батыс Қазақстан облысында құны 284 млн. теңгеге 5 спорттық және балалар ойын алаңы құрылысы аяқталды:

1.     Орал қ., Оқушылар сарайы;

2.     Орал қ., Матросова көшесі, 52;

3.     Орал қ., Круглоозерное ауылы, Орталық бақ;

4.     Орал қ., Қалалық алаң ;

5.     Үлкен Шаған ауылы, ауылдық мектеп аумағы;  

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесіне орай Орал қаласында 2 «Деркул» және «Naryn» спорттық кешендерінің ашылуы өтті. Аталған кешендер балаларға және ересек адамдарға да спортпен шұғылдануға мүмкіндік береді.

         «Деркул» спорт кешенінде келесідей үйірмелер жұмысын атқарады:

1.     Добйы, шахмат, тоғызқұмалақ сыныбы;

2.     Компьютерлік-киберспорт сыныбы;

3.     Үстел теннисі;

4.     Сыйымдылығы бір уақытта 25 адамға дейін жаттыға алатын күрес залы;

Спорттық кешен бір жаттығу уақытында 60 жаттығушыға дейін қызмет көрсете алады.

«Naryn» спорт кешенінде  волейбол, баскетбол және спорттық би секциясы болады. Спорттық комплекс 1 күнде 350 балалар мен ересектерге қызмет көрсете алады.

Ауданы 1 000 м2 құрайтын спорт интернатының және күрес залының құрылысы басталды.

2018 жылы үстел теннисінің, волейбол және самбо бөлімдері ашылды.  2019 жылы велоспорт және көркем гимнастика бөлімдерді ашу жоспарда. Орал қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің қаржыландырылуы 2016 жылы – 297 526 мың теңге, 2017 жылы – 351 359 мың теңгені құраса, 2018 жылы – 317 579 мың теңгені құрады.

 

 

         Бөлім басшысы                                         А.Нұрмұханбетов