Ереже

«Орал қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі — мемлекеттік орган туралы ереже

І. Жалпы ережелер

1.«Орал қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі дене шынықтыру және спорт саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2.«Орал қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3.«Орал қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

4.«Орал қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

5.«Орал қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттілік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

6.«Орал қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Орал қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделген шешімдер қабылдайды.

7.«Орал қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

8.Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, индексі: 090000, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 182\1, № 70 бөлме.

9.Мемлекеттік органның толық атауы: «Орал қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

10.Осы Ереже «Орал қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі құрылтай құжаты болып табылады.

11.«Орал қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

12.«Орал қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен «Орал қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. Егер «Орал қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

ІІ.«Орал қаласы дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

13. «Орал қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы: дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру және дамыту, сонымен қатар сапалы әрі тиімді мемлекеттік басқаруды қамтамасыз ететін салааралық үйлестіру.

14. Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» және «Қазақстан Республикасының дене шынықтыру және спорты туралы» заңдарына сәйкес, міндеттері: 

  • «Дене шынықтыру және спортты дамытудың бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;
  • Дене шынықтыру және спорттың материалдық-техникалық базасын құру және нығайту, олардың инфрақұрылымын дамыту;
  • Қолданымдағы заңнамаға сәйкес халықаралық, аймақаралық және ішкі спорттық байланыстарды жүзеге асыру. 

15. Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 4, 5, 6 бөліміне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңының 31 бабына және «Қазақстан Республикасының дене шынықтыру және спорты туралы» заңына сәйкес, функциялары: 

  • «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес конкурс өткізеді;
  • Орал қаласы әкімдігінің мүдделі бөлімдерімен бірлесіп, дене шынықтыру және спорт саласының мәселелеріне анализ жүргізу;
  • Статистикалық мәліметтер және өзге ақпараттық материалдар негізінде дене шынықтыру және спорт саласындағы әлеуметтік үрдістерді талдау және насихаттау, қаладағы саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайдың жайын мен дамытуына ықпал ету;
  • Семинарлар, конференциялар, оқытудың басқа түрлерін ұйымдастыру, дене шынықтыру және спорт жұмысында тәжірибе алмасу;
  • Әртүрлі қоғамдық ұйымдар, мекемелермен ұйымдастырылатын спорттық-көпшілік шаралардың жоспарын үйлестіру, шаралар мен жарыстардың бірыңғай күнтізбелік жоспарын бекіту, олардың өткізілуіне бақылау жасау;
  • Мүдделі ұйымдармен бірлесіп спорттық резервке дайындау жұмыстарын жүргізу, спорт клубтары мен мектептерінің желісі өсуін үйлестіру;
  • Қалалық спорттық-көпшілік шаралардың жоспарын, дене шынықтыру және спортты дамытудың қалалық жоспарларын әзірлеу және жүзеге асыру;
  • Орал қаласында спорт түрлерінен жарыстар өткізу;
  • Орал қаласының құрама командасын әртүрлі спорт түрлерінен дайындау және олардың облыстық спорттық жарыстарға қатысуын қамтамасыз ету;
  • Спорттық разрядтар мен санат беру: екінші және үшінші, бірінші, жасөспірімдік екінші және үшінші, жоғары және орташа деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушы-спортшы, жоғары және орташа деңгейдегі екінші санатты әдіскер, спорт түрлері бойынша төреші;
  • Облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасына мәлімет, соның ішінде тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік бойынша дене шынықтыру және спортты дамыту жөніндегі статистикалық мәлімет тапсырады;
  • Қазақстан Республикасының күші бар заңнамасы міндеттеген өзге де функциялар. 

16. Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» және «Қазақстан Республикасының дене шынықтыру және спорты туралы» заңдарына сәйкес, құқықтары мен міндеттері: 

  • «Орал қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі өзіне жүктелген кейбір қызметтерді жүзеге асыру үшін мемлекеттік органдардан, өзге де мекемелер мен жеке тұлғалардан ақпарат сұрауға және алуға;
  • Егер олар қолданымдағы заңнамаға, нормативтік актілерге және осы Ережеге қайшы келмесе, алдында тұрған міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған шешімдерді қабылдау;
  • Облыс және қала әкімдері мен әкімдіктер шешімдері, Батыс Қазақстан облысы туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының, Қазақстан Республикасының спорт және дене шынықтыру министрлігінің бұйрықтары мен басқа да нормативтік құжаттары негізінде және орындауда бұйрықтар, нұсқаулықтар, нұсқаулар, ережелер шығару және олардың орындалуын бақылау;
  • Заңнамада көзделген басқа да құқықтарға ие болуға. 

ІІІ. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

17.«Орал қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшылықты «Орал қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

18.«Орал қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын қала әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

19.«Орал қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі:

1. «Орал қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесіне басшылық етумен қатар «Орал қаласы қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметтерін жүзеге асырады, ұйымдастырады;

2. «Орал қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жұмыстарының жай-күйіне дербес жауапты болады;

3. «Орал қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерінің өкілеттігін және міндеттемелерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді;

4. «Орал қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін заңнамаға сәйкес лауазымдарға тағайындайды және лауазымдарынан босатады;

5. «Орал қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне бекітілген заңдылықтар тәртібінде тәртіпті сөгісті ретке келтіреді;

6. «Орал қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бұйрықтарына қол қояды;

7. «Орал қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі әрекет ететін заңнамаға сәйкес, мемлекеттік органдар мен өзге де мекемелер өкілетті.

«Орал қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

20.«Орал қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесімен қабылданған шешім, басшының немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның бұйрығымен жасалады.

ІV. «Орал қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкі

21.«Орал қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

22.«Орал қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

23.«Орал қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

24.Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Орал қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

V. «Орал қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату

25. «Орал қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.